https://altynsarin.balqash.edugov.kz/kp-r-t/9302-respublika-k-ni.html#sigFreeIdd6cb0510f0
Мектеп кітапханасында 24.10.2023 ж Республика күніне байланысты көрме өтті.
Көрменің негізгі мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Тәуелсіз мемлекетке қол жеткізудегі бабаларымыздың аянбай тер төгіп , талай шайқастарды басынан кешкендігі турады баяндау.
Жоғалып қайта оралған мерекеміз жайлы түсінік беру. Көрме барысында оқушыларға тарихымыз жайлы тереңірек мағлұмат берілді, республика күніне деген өз ой- пікірлерін ортаға салды. Сұрақ жауап қою арқылы білімдерін дамытты. Қазақстанның рәміздерінің шығу тарихымен, авторларын қайталап еске салу барысында ойларына түсіру ойыны ойнатылды. « Сұрақ буклеті» атты ойын ойнатылды бул жерде оқушыларға сұрақтар қойылды, мысалы:Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай не болды? Қазақстан қашан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды? «Тәуелсіздік» дегенде ойыңызға алғаш не келеді? Елтаңбадағы шаңырақ нені білдіреді? Қазақстан Республикасының әнұраны кашан қабылданды? Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша ? Тағы басқа осындай сұрақтар қою арқылы ойын жүргізілді. Қазақстанның энцеклопедияларынан үзінділер оқылды. Көрме жоғары дәрежеде өтті.