11 Шілде 2024
Ақпарат

Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ

Тақырыбы: «Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ»
Мақсаты: Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі суреттер.

16-желтоқсан- Қазақ елінің тәуелсіз ел атанғанына 27 жыл толу мерекесіне арналған «Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ» атты сайыс түрінде өтетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздігімізге арналған тәрбие сағытымызды еліміздің мемлекеттік гимнымен бастайық.
(Гимн орындалады)
Мұғалім сөзі
1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Азаттық, Теңдік,Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды. Иә, 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
(1 минут үнсіздік жариялаймыз.)
«Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ» атты білімпаздар сайысына қош келдіңіздер!
Қыран құстай көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр!
Жас ұландар берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
дегендей сол көк байрағымызды желбірету үшін ең бастысы білім керек.
Ал, сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазылармен танысайық.
(әділқазылармен таныстыру)
Сайыс кезеңдері:
1.«Сәлем-сөздің анасы»
2.«Өлең-сөздің патшасы»
3. «Ой шақыру»
4.«Сахна төрінде»
5.«Мақал-сөздің көркі»
6. «Желбіре, көк туым!»
Ал, қанеки, сайысты біз бастайық,
Өзімізді таныстырып тастайық,-деп, топтар өздерін таныстырып өтсін.
1.«Сәлем-сөздің анасы». (аты, ұраны)
1 - топ 2-топ
Біздің топ: Жалын Біздің топ: Қыран
Біздің ұран: Біздің ұран:
Тәуелсіздік ұраны, Егеменді ел бүгін,
Көкейімде тұрады. Мақтан етем ерлігін.
Болашақ біз боламыз, Көкке мәңгі самғаймыз,
Тәуелсіз ел жалыны! Біз Тәуелсіз қыранбыз!
2.«Өлең-сөздің патшасы» (өлең оқу сайысы)
Елдар: Көк аспанда тулардың Желбіреген күні-бұл, Елім деген ұлдардың Елжіреген күні-бұл.
Жанерке: Атамекен ақ үйдің Азат болған күні бұл. Құндақтағы сәбидің Қазақ болған күні-бұл.
Айым: Жұпар шашқан гүлімнің Жаңа ашылған күні-бұл. Менің ана тілімнің Бағы ашылған күні-бұл.
Аяулым: Алты алаштың баласы Қауымдасқан күні-бұл. Бір-бірімен жарасып Бауырласқан күні-бұл.
Інжу: Дүбірлетсін өңірді Дүбірлесін дүлдүлі. Қазақ деген елімнің Құтты болсын бұл-күні!
Нұржол: Атыңнан айналайын, егемен ел, Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер. Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы, келе берер!
3.«Ой шақыру» (сұрақ-жауап)
Топтарға берілетін сұрақтар:
1. - Біздің республикамыз қалай аталады?
2. - Еліміздің рәміздерін ата.
3. - Біздің ана тіліміз қандай тіл?
4. - «Желтоқсан оқиғасы» қай жылы болды?
5. - Қазақстан Республикасының елбасы кім?
6. - Бас қаламыз қай қала?
7. - Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толды?
8. - Желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр ұл-қыздарымызды ата?
4.«Сахна төрінде» көріністерді тамашалау
Көрініс: Қайрат пен тергеуші
Тергеуші-Аяулым
- Сен 13 - желтоқсан күні, сағат 10 - да қайда болдың?
Қайрат-Нұржол
- Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші- Аяулым
- Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат-Нұржол
- Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші- Аяулым
- Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат- Нұржол
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).
«Тәуелсіздік жарығы» көрініс
Елдар-немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Жанерке - әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық.
(Тынығып жатқан немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін .
Сүйінші,сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!
5.«Мақал-сөздің көркі» (отан, батыр туралы мақалдар айту)
Мақалды білгендерінше әр топтағы балалар қайталамай айтып шығады.
Елдар: Отан оттан да ыстық. Әркімнің өз жері- мысыр шаһары.
Айым: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Аяулым: Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Інжу: Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Нұржол: Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.
6. «Желбіре, көк туым!» (әріптерден сөз құрау)
Еліміздің рәміздерінің бірі болып саналады.
(елтаңба)
Жалауымызда қандай құс бейнеленген?
(қыран)
(Ең бірінші сөз құрастырып болған топ Қазақстанның жалауын көтереді.)
«Сазды сәлем» (ән жолдау)
Мұғалім сөзі:
Осымен сайысымыздың шешуші сәті де келіп жетті. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
(Әр топтар марапатталып, сыйлықтар беріледі)
Құлдық ұрып, көне берсек ырыққа, Жер бетінен кетер едік құрып та. Қазақпын деп ойлар болсақ, ағайын, Алматының Желтоқсанын ұмытпа!
Әрқашанда желтоқсан құрбандарының ерлігін ұмытпайық,жадымызда сақтайық. Осымен «Тәуелсіз елге-білімді ұрпақ» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Кері байланыс
Оқушылар кері байланыс күлегештерін қалаған нұсқаға жапсырады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар