11 Шілде 2024
Ақпарат

Жырым саған арналады, Елбасы!

Тақырыбы:«Жырым саған арналады, Елбасы!»
Мақсаты: 1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет
еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін
ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың суреттері. шарлар,суреттер,слайд.
Мұғалім:
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған«Жырым саған арналады, Елбасы!» »атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Мұғалім:
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
«Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақ-жауап:
- Біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның Елордасы қай қала?
- Елордамыз – Астана.
- Елбасымыз кім?
- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Саян:
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.
Асқар:
Балалық шағы кейде таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Мадина:
Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады.
Ержан:
Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген.
Саян:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Әлібек:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Нұрсұлтан:
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.
Альбина:
Бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.

*1991жылы Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлады.
*1992 жылы ту, елтаңба, әнұран бекіді.
*1993 жылы төл теңгеміз өмірге келді.
*1998 жылы Ақмола қаласы Астана деп жарияланды.
*2002 жылы Астана - Бәйтерек монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
Ерасыл:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Әлібек: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

Айшуақ:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Сөзжұмбақ:

Ән: Жаса Қазақстан!
Мұғалім:
- Балалар, сендер Астана, Тіл, Отан, Қазақстан туралы, туған өлкеміз туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Аружан
Бабалардың көзіндей,
Даналардың сөзіндей.
Ұлы дала тұғырлы,
Ұлы қала өзіндей.
Әлібек
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астанам -
Әсем қала, бас қала!
Нұрсұлтан
Отан - менің өз елім,
Отан - туған өз жерім.
Отан - далам, өзенім.
Гүлдей жайнап өсемін.
Саян
Қазақ жері - Қазақстан,
Мөлдіреген ашық аспан.
Алыс кетсем сағынамын,
Отаным сен – Қазақстан.
Замира
Ертеңгі елдің тірегі -
Бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі,
Келеді өсіп қырандар.
Ержан
Әрбір қазақ баласы,
Өзім сонда тұрам деп.
Бұл қазақтың даласы,
Ата - бабам туған жер.
Замира:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алаңдар

Ән: Атамекен
Мұғалім: Балалар Егеменді Қазақстан елінің келешегі де, болашағы да, мына өздерің боласыңдар, сол себептен Қазақстан байрағын биік ұстап, тілді құрметтеңдер.
Осымен «Жырым саған арналады,Елбасы!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар