7.3.1.1сынып қысқа мерзімді сабақ жоспар.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3.1.1
Күні:
Сынып:7 Мектеп:«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мкм
Мұғалімнің аты жөніАбитбекова Жазира
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, ph,ылғалдылық)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 7.3.1.1 Жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: Экологиялық факторлардың түрлерін біледі.
Оқушылардың басым көпшілігі: Абиотикалық, биотикалық факторлардың тірі ағзаларға әсерін түсінеді.
Оқушылардың кейбірі:Тірі ағзалардағы ерекшеліктерге қарап қандай фактор әсер еткенін анықтай алады.Проблемалық сұрақты шеше алады
Бағалау критерий: 1Жергілікті жер экожүйелерін анықтайды.
2Қоршаған орта факторларын анықтайды және тірі ағзаларға әсерін зерттейді.
Тілдік мақсат: Абиотика,биотика,экология,экожүйе
Құндылықтарға баулу: Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген эконмикалық өсу.
Пәнаралық байланыс: Химия, география
Алдыңғы білім: Экология қоршаған орта
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
0-10 мин Ұйымдастыру кезеңі: топқа бөлу
Бір күні біздің сынып дүниежүзілік саяхатқа шығыпты.Одан адасып, бір аралда қалып қалыпты, күнде бір уақытта мұхиттан кеме өтеді екен,сол кезде жағалаудағы біздің оқушылар қолдарын бұлғап, әлгі кемені айқайлап өздеріне қарай шақырады екен, күндердің күнінде кеме соларға қарай бұрылыпты, бірақ ол екі орындық екен,оқушылар екіден жұптасады, келесі бөлімінде үш адамнан отырады екен, келесі бөлімінде төрттен ,келесі бөлімі бестен екен , сөйтіп барлығы кемемен өздерінің туған жеріне келіпті.(Оқушылар сол 5оқушыдан топ құрап орындарына отырады.)
Жаңа сабаққа кіріспе: Балалар біздің туған жеріміздің табиғаты қандай? Біздің туған жерімізде қандай жануарлар өмір сүреді? Қандай өсімдіктер өседі? Қалай ойлайсыңдар неге біздің Қазақстанда пілдер, арыстандар, пингвиндер жоқ,неге пальмалар, ананас, банандар өспейді.Бізді қоршаған ортаны не деп атаймыз? Жауап берген оқушылар «жұлдызша арқылы бағаланады»
Youtube
Сабақтың ортасы
30 мин 1)Мәтінмен жұмыс.Оқушылар фрагменттерге бөлінген мәтінді оқып, «Елші стратегиясы» бойынша талқылайды.
Әр топ мүшелері келген елшіге «1Жұлдыз,1 Тілек айтады».
2 )І топ тапсырмасы. Берілген пазлдарды жинақтап, экожүйе түрін анықтайды. Шөл, шөлейт
ІІ топ тапсырмасы.
Берілген пазлдарды құрастырып,экожүйе түрін анықтайды. Шалғын,дала
ІІІ топ тапсырмасы:Берілген пазлдарды құрастырып экожүйе түрін анықтайды Сулы батпақ
Бірінші құрастырған топқа (1 тәтті беріледі)
3) Әр топ өзі құрастырған экожүйенің тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына қандай факторлар әсер етуі мүмкін екенін болжайды және жауабын кестеге жазады.
Өзіміздің Бура ауылында өсетін сексеуіл өсімдігінің бейімделу ерекшелігін сипаттайды.
Экожүйе түрі Абиотикалық фактор Биотикалық фактор
1 Шөл дала
2 Шалғын дала
3 Сулы батпақ
Дискриптор: -Экожүйе түрін анықтайды
- Экожүйеге әсер ететін абиотикалық факторларды анықтайды
- Экожүйеге әсер ететін биотикалық факторларды анықтайды
- Жергілікті жер экожүйесінің ерекшелігін сипаттайды
- Бір ағза мысалында бейімделу ерекшелігіне мысал келтіреді.
Бағалау «отшашу» әдісі
4 тапсырмаФакторларды жіктеу
А-абиотикалық
Б-биотикалық
1Жел 2Ара 3Минералды заттар 4Жарық 5 Бактериялар 6Жануарлар 7 Су 8 Су 9 Саңырауқұлақтар
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Жылдам,бірінші біткен және қатесіз орындаған 3 оқушыға «Жұлдызшалар беріледі»
5 Problem situations
Лама жануары көңтабандылар отрядына жатады.Олар Оңтүстік Америкада және Африкада тіршілік етеді. Екеуі бір отрядқа жатсада Африкадағы ламалардың жүні тықыр болады,ал Оңтүстік Американың тауларындағы ламалардың жүні өте қалың болады ,олардың жүнінен әдемі пальтолар тігеді. Қалай ойлайсыңдар неліктен олардың жүні әртүрлі?
Дұрыс жауап берген оқушы : «Тәтті шоколад» беріледі
Пазлдар
Сабақтың соңы
5 мин Мұғалім мақсаттарына жеткен жетпегендіктері туралы сұрап, қорытындылайды
Өз-өздерін «Баспалдақ»арқылы бағалау
-Балалар ,стикерді алып,аттарыңды жазыңдар да өздеріңнің баспалдақтағы орындарыңды көрсетіңдер.
Үй жұмысы:«Балқаш өңіріңнің экожүйесі» тақырыбына
эссе жазу
Стикер,
баспалдақ суреті
Саралау-сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? Бағалау- сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз ? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау шаралары
3-4-5 тапсырмалар арқылы сараланады Тапсырмаларға құрылған дискриптолар арқылы Сергіту сәті
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?