Таза ауа-денсаулық кепілі.
Бөлме өсімдіктерінің түрлері өте көп . Менің айтайын деп отырған бөлме гүлі-хлорофитум/CHLOROHYTUM/ ауаны жақсы тазартатын гүл. Сондықтан осы гүл әрбір отбасында, мектептер мен мекемелерде өскені абзал. Осы бір жапырақтары сәнді, шөптесінді келген үй гүлі әуел баста Африка мен Европаның тропикалық аудандарында пайда болған.Хлорофитумның негізгі ерекшілігі соншалықты күтімді көп қажет етпейді. Гүл түрлерінің ішінде «Variegata» оның ашық жасыл жапырақтарының ортасында ақ сызық жүріп, өзгелерден өзгеше болады. Олар кейде керісінше болады ортасында жасыл сызық, шеттері ақ болып келеді. Хлорофитум жарық бөлмеде жақсы өседі. Күн көзі тікелей емес сәл көлеңкелеу болғаны дұрыс. Біздің мектебімізде гүл осірумен сынып жетекшілері, шарушылық меңгерушісі Н.Айнабекова мен лабарант Г.Қойшығұлова және ерікті «Жас орманшылар» үйірмесінің мүшелері үнемі айналысады. Мектебіміздің әр сыныбында хлорафитум гүлі көптеп егілген. Хлорофитум шаң-тозаңды болдырмаумен қатар, ауаны улы газдан да тазартады. Оны үй жағдайында үлкен ыдыстарға топтастырып, молынан өсірген дұрыс. Сонда ол әдемі, әрі пайдалы да болады. Көбейту жұмыстарына келер болса хлорофитум ең оңай жолмен көбейтілетін гүл. Оның жас мұртшалары ұзын сабақ бойына өсіп шығады. Ең қызығы жас мұртшалардың тіпті дайын тамыры бар. Осы мұртшаларды кесіп алып ыдысқа бірден отырғызады.
Бір жыл ішінде әр хлорофитумнан 7-20 шақты көшет алуға болады.
Биология-экология пәнінің мұғалімі Ж.С.Абитбекова
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен ММ
https://altynsarin.balqash.edugov.kz/kp-r-t/9153-b-lme-simdikteri.html#sigFreeIdf37fe4a3d1