«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп МДШО» мкм бойынша
«Қамқоршылық» кеңесінің кезекті отырысының
ХАТТАМАСЫ
4.09.2017
Қатысқаны: 5
Қатыспағаны: жоқ
Қатысушылар:
1. Х.А.Иманбеков - мектеп директоры
2. Х.Абдрахманова - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Б.Бағдаулетова - бастауыш сынып мұғалімі
4. Қ.Нұрланов- ақсақалдар алқасының төрағасы
5. А.Ұзақбаева - ата-аналар комитетінің төрайымы
Күн тәртібінде:
«Бақытты балалық шақ» ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көрсетілген көмек туралы. Баяндамашы: Х.Абдрахманова
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Х.Абдрахманова «Бақытты балалық шақ » ұранымен өткізіліп отырған«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 125 000 мың теңгеге 24 оқушыға мектеп мұғалімдері мен ауыл азаматтары көмек көрсетті. Оған акция аясында көмекке өте мұқтаж деген оқушыларға яғни тұрмысы төмен , көпбалалы, жартылай жетім, толық емес отбасы балаларына көмек көрсетілді. Жалпы өтініш берген ата-аналардың тізімін оқып шығып, көп балалы отбасынан-12 балаға, тұрмысы төмен -4 балаға, жартылай жетім-2 балаға, толық емес отбасының -6 балаға көмек көрсетілді. Мектепке қажетті құрал-жабдықтар алуға,киіммен қамтамасыз етуге мектеп формасын, аяқ киім алып беруге келісті.
Комиссия ата-аналар ұсынған құжаттарды қарап, қаулы етеді:
1. Төмендегі тізімдегі 24 оқушыға «Бақытты балалық шақ» ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясында мектеп мұғалімдерінен , демеушілерден түскен 124 мың теңге қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, тұрмысы төмен отбасы балаларына мектепке қажетті мектеп формасы , аяқ киіммен көмек көрсетілсін.
Кеңес төрағасы Х.А.Иманбеков
Хатшы: Х.Абдрахманова